"Руханият" орталығы

Switch to desktop Register Login

Қазақ балаларына байланысты салт-дәстүрлер жайлы

Материалды бағалаңыз
(2 дауыс)

Қазақ халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға бай халық. Сол салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халық тұрмыс-тіршілігінің өн бойына ғасырлар бойы тамыр тартып, қандық қасиетыне сіңіп, өшпей, жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінгі заманға жетіп отыр.

Әне сол халықтың өмір тәжірибесінен туған балаларға байланысты салт-дәстүр жайлы сөйлер болсақ, ол қазақ тірлігінің қыры мен сыры мол, даралық тұрмыс салтын әйгілейтін кемелділік пен тереңдік жасырынған, тәрбиелік құны жоғары жалпы салт-дәстүрлердің бір бұтағы болып, өз алдына зерттеуге тиісті құпиясы мол дүние іспетті. Онда белгілі дәрежеде діндік сенім араласып жәтқанімен, ұрпақ тәрбиелеудей ұлы болашақ нысананың, ағарту идейәсінің биігі көрініп тұрады. Халық салт-дәстүрлері сонау есте жоқ ескі заманнан тартып талай ғасырды аттап, қоғамның, заң-ережелердің, жағырапиялық ортаның, күн көріс тіршіліктің, экономиканың, діндік сенімнің, ұлттық психиканың, халық қағидаларының, т. Б әсерінде өзіндік даралық қасиеты бар ұлттық етнографиясын қалыптастырады.
Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадыр тұтқан. «бала _ бауыр ет», «балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген баламалар ұлтымыздың өмір тәжірибесінен туған ой қорытындысының жауһары.
Балаларға жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қалыптастыру жайлы ұлы абай «ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен иәки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деген ұлағатты пікір айтқан.
Ұлтымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын өз ұрпақтарына «бесік жыры» арқылы айтып сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың қоғамдық өмірінен туындаған халық педәгөгикасінің қайнар көзі халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен тамырласып жатқандығын аңғаруға болады.
Белгілі қаламгер құрманалы жүнісқанөвтің «салт-сана сарыны» («шинжияң қоғамдық білімі» 1996-жыл 2-сан) деген мақаласының басталысында-ақ «өзге халықтарда салт-сана ғылымы (етнография) ерте кезден бастап қағаз бетіне түсіріліп ғылымнаға, ғұмырнама, оқулық әлетіне ене бастағанын тарихи жазбалар әйгілеп отыр. Алайда, осы бір орны бөлек ордалы ғылымның біздің қазақта күні бүгінге дейін бір жүйеге түспей келуі кімді болсада толғандырары хақ» деген құнды пікірін ортаға жайып салып, ордалы ғылымның орны өгейсіп тұрғанына ашыныш білдіреді. Рас, халықтың салт-сана, әдет-ғұрыптарын білетін қадырменды ақсақалдардың көбін қара жер құшағына жасырып алса, аз санды көне көздердің білетіндерін қағаз бетіне түсірмеу саналы азаматтарды ойландырары хақ. Халықтың салт-сана, әдет-ғұрыптарынан сан тарихтың сорабы, халық шипәгерлігі, мәтемәтика, химия, биология, тіл, дін, таным, т. Б толып жатқан ғылыммен біте қайнасып жатқанын байқауға болады. Оны зерттеуде үлкен тақырып.
Мен бұл шағын мақаламда қазақтың балаларға байланысты салт-дәстүрлері жайлы аялдай кетуді жөн көрдім.
1. Жерік ас - ана ауыр аяқ болып, 2- 3 ай өткен соң бірер нәрсеге жерік болғанда беріліп тұратын дәм-тұз жерік ас деп аталады. Жерік ас туралы әңгіме қазақ ертегілерінде кездесіп отырады. Мысалы, «ер төстік» деген ертегіде оның шешесі керегеде ілулі тұрған төске жерік болыпты, бала туылған күні ата-анасы баланың атын төстік қойыпты, кейін ер төстік атаныпты.
2. Құрсақ той - бұл салт - бала құрсақтағы кезінде өткізілетін той салты. Ата-ана баланың дүниеге аман-есен келгеніне арнап тілек ретінде өткізілетін тілеу. Бұрынғы заманда перзент көре алмаған ата-аналар алладан тілек тілеу негізінде көрші-қолаң, туыс-туғандарын шақырып, бірер малын сойып өткізетін шағын тойды құрсақ той деп атаған.
3. Жарыс қазан - ананың толғағы басталғанда, толғағы жеңілдеп, аман-есен босану үшін тәжірибелі қарт әйелдер ырым-жырым, ем-дом жасап, «ел көшті, жау жетті» деп атаның етегін толғап, көтен астыратын, мұны жарыс қазан деп атаған.
4. Нәрестені жерден көтеріп алу - нәресте шыр етіп дүниеге келгенде ауыл әйелдері ескі дәстүр бойынша тәңірге сиынып жерден көтеріп алып, «қойшы» немесе «жылқышы» деп жар салып жолын алуды жерден көтеріп алу деп атаған. Нәрестені жерден көтеріп алған әйел босанған ананың жақын туыс-туғандарынан шүйінші сұрайтын болған.
5. Кіндік кесу - нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен кейін нәрестені жерден көтеріп алатын әйел немесе ауылдың тәжірибелі әйелдерінің бірі ырымын жасап, нәрестенің кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Ол қазақ салты бойынша екінші анасы есептеліп құрметтеледы. Кіндік шешеге көйлек-көншегін сыйлап, жолдық береді.
6. Шілдехана күзету - халқымыз ұрпақ көруді ерекше бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп түсінген.
Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, үлкен мереке өткізіп, «шілдеханә» күзететін болған. Түрлі ойын-сауық өткізіліп, әркім әл-ауқатына қарай «шілдехана» күзету ырымын 2-3 күнге жалғастыратын.
«бала туылғанда» деген өлеңде:
қуаныштан жан жүрегім қақ жарылып,
қасырет басымдағы қалды арылып.
ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын,
атқан соң маңдайымнан таң жарылып, - дейтін халық өлеңі міне осының айғағы.
7. Қалжа - қазақ салты бойынша бала туылған күні сол отбасында той жасалып, ауыл ақсақалдарының батасын алып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиылып босанған анаға арнап қой сою кадесі «қалжа» деп аталған. Қалжа сойылып малдың етін жеп болған соң, мойнын қырық күнге дейін керегенің басына іліп қояды, бұл баланың мойны берік боп қатсын деп ырымдаудан болған.
ер баланың «мені де әкем ұл деп тауып қалжа сойған» деген сөз содан қалған.
8. Балаға ат қою - халқымыз жаңа туылған нәрестеге ауылдағы қадырменды, сыйлы, беделді ақсақалдарды шақырып азан шақырып ат қойғызады. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың пәлен» деп айғайлайды. Ат қоюда белгілі ғылымилық бар, ат қою қоғамдық ортаға, заман райына, өндіріс касібіне тығыз байланысып жатады. Кейбіреулері әйгілі адамдардың атын ырымдап қою арқылы сол адамға тартсын деп тілек тілейді. Ат қоюда туыс-туғандардың атын қайталамауды түйін етеді, егер қайталанса, сол адамға үлкен құрметсыздык есептеледі. Адам атын әркімнің өз өміріндегі жеке орнын білдіретін ұғым деп түсіну керек, ат қою өзіндік даралығы бар халықтық дәулет.
9. Бесік той - жаңа туылған баланы бесікке бөлеу жорасы «бесік той» деп аталады. Үй иесі бір малын сойып ауыл әйелдерін және баланың кіндік шешесін шақырады, келген әйелдер балаға арнап шашу, жейде, тана-моншақ, үкі, тағы басқаларды әкеледі.
10. Бесікке бөлеу - баланы бесікке бөлеуді халқымыз өнер деп таныған, бұл «бесік тойдың» артынан іле-шала болатын қимыл. Бесік тойға келген әйелдердің арасынан жолы үлкен тәжірибелі бір әйел баланы бесікке бөлейді, бесікке бөлеудің өзіндік ырымдары болады. Бұл тұста түбектің тесігінен балаларға тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік (тыштыма) үлестіреді. Баланы бесікке бөлеген әйелге тиісті орамал-шаршы беріледі, босанған ана тәжірибелі әйелдің бесікке бөлеу өнерін үйренеді.
11. Баланы қырқынан шығару - қазақ халқы нәресте дүниеге келген қырық күнді хауып-қатерлы деп санаған. Осы күнге аман-есен жеткен баланы сау-саламат болады деп дәтке қуат еткен. Қырық күнге дейін үйден шырақ өшірмеуді әдетке айналдырған. Нәресте туылып қырық күнге толғанда жақын туыс-туғандардың, көршілердің әйелдері қырық қасық шілде суын тамызып, нәрестені шомылдырып, нәрестенің қолын ұнға матырып, «қарын шашын» алып шүперекке түйіп, тұмарша етіп баланың оң иығына тағып, тырнағын алып көміп тастайды.
12. Ит жейде кигізу - балаға қырқынан шыққанға дейін кигізетін жейдені «ит жейде» дейді. Қырқынан шыққан күні ит жейдесін шешіп алып оған тәтті, құрт-ірімшік түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары итті қуып ұстап, тәтті, құрт-ірімшіктерді таласа-тармаса жейді. Ит жейдені көбінесе баланың кіндік шешесі тігіп әкеліп жолын алады.
13. Бесік аластау - ана бөбегін хауып-қатерден аулақ болу үшін үнемі бесікті аршамен аластап тұрады.
қазақтың «бесік аластау» жырында;
алас, алас, баладан алас,
иесі келді, пәлесі көш!
көзі жаманның көзінен алас!
тілы жаманның тілінен алас! _ деп айтылады.
14. Баланы майлап сылау - жаңа туылған баланы майлап сылаған кезде, өзіндік ырым жасап хауып-қатерден аулақ болу үшін тілек тілейді.
Қазақтың байырғы балалар туралы айтылған салттық жырларында «баланы майлап сылағанда» деген өлеңінде:
тәу, тәу, тәу,
сыламақ менен,
қатып қалмақ сенен.
менің қолым емес,
бибі фатима, бибі зухра қолы,
ұмай ана, қамбарлы ана қолы!
тастай қыл,
темірдей қыл,
сүттей ақ қыл,
дерт үйге кірмесін,
балаға тимесін, _ деп айтылады.
15. Тұсау кесу - бала бір жасқа толып, ақ босағадан енді ғана қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан, жүруге талпынған сәбиге арнап, ата-ана қадамың құтты болсын деп тілек тілеп «тұсау кесу» тойын жасайды. Оған ауыл адамдары, туыс-туған, көрші-қолаңдар шақырылып сыйлы сыбаға тартылады. Оның ішінде жолы жақсы ақ көңіл адамның біреуі тұсау кеседі, тұсау кесуші адамды баланың ата-анасы ел-жұртқа өнеге болатын адамдардан таңдап, сәбиіне соның жолын, жасын берсін деп тілек тілейді.
Баланың аяғын ала жыппен немесе қойдың майлы ішегімен, иә болмаса қаулап өскен көк шоппен байлайды. Оны өткір кездікпен кесу керек. Ала жыппен байлап кесудің мәнісі _ ешкімнің ала жібін аттамай, адал өтсін деген тілектен туған. Ал майлы ішекпен байлап кесу ешкімді жатсынбай майлы ішектей араласу, елгезек, бауырмал өтсін дегенді білдіреді. Көк шоппен байлап кесу баланы көктей қаулап тез жетілсін, көбейіп-көктесін дегенді білдіреді. Тұсау кескен балаға ақ жол тілеп:қаз-қаз балам, қаз балам,тақымыңды жаз балам, -деп тілеу тілеген.
16. Атқа мінгізу - баланың буыны бекіп, 4-5 жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын болғанда атқа мінгізу салты өткізіледі. Себебі ұлтымыз «ат - ер қанаты» деп түсінген ұрпақты ат үстінде ойнайтын етіп жетілдіру, жауынгер етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатынан туған. Балаларға арналып алдын ала ат дайындап ер-тұрман әзірлейді. Баланы атқа мінгізген күні арнайы атқа мінгізу тойы жасалады. Бұл қазақтың көшпенді тіршілігіне байланысты туылған салты.
17. Сүндет той - бұл той қазақ халқы арасында ісіләм діні тарағаннан кейін қалыптасқан. Ісіләм дінінің жол-жосыны бойынша ұл баланы бес жас иәки жеті жаста сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызу мұсылман болудың бірінші шарты ретінде қаралады.
Той қарсаңында сүндеттелген баланың басына немесе иығына үкі тағып, атқа мінгізіп, жақын туыс-туғандары мен жегжәт-жұраттарын аралатады, барған жердегі адамдар шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі тағылған кепеш кигізіп, ауыл-аймақтағылар тегіс шақырылып, мал сойылып, қазақтың ат бәйге, балуан, қыз қуар, теңге ілу, жамбы ату, т. б. ойын тамашалары мен салтанатты салттары өткізіледі. Сүндет той әр адамның әл-ауқатына қарай өткізіледі.
18. Тіл ашар - баланың жаңадан балдыр-бұлдыр тілі шыға бастағанда ауыл ақсақалдары тілінен май тамған шешен, шежіреші, көш басы көсем болсын деп батасын беріп, баланың тілін шытпен созып аузына түкіріп жолын алу салты «тіл ашар» деп аталады.
19. Танабау тағу - бала әкесіне немесе шешесіне ілесіп жұмыс басында қолқабысын тигізіп жүргенін көргенде, ел-жұрт «жігіт болыпты», «қажетке жарапты» деп құттықтап танабау тағады. Танабауға тана, шыт, парша-парат ақша, т. Б нәрселер беріледі. Танабау тағушыларды баланың ата-анасы шақырып қонақ етеді, мұны «танабау тағу» деп атайды.
20. Айдар тағу - қазақта ұл баланы зарығып жүріп көрген ата-ана ұлына кішкене күнінде төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны ертеде қазақта көп қолданған. Тарихи деректерге қарағанда, кенесәрі мен оның немересі атақты наурызбай батырда айдар болған екен.
Бала он неше жасқа келіп айдарынан намыстанған кезде оның айдарын алып тастау барысында бірер мал сойып тойлайтын әдет болған.
21. Тана тағар - қыз балаға тұлым өріп, құлағын тесіп, тана тағу ырымы ертеден жалғасып келе жатқан салт. Тана тағарда туыс-туған, көрші-қолаңдарының әйелдерін шақырып шағын тамаша өткізіп береді, мұны қазақта «тана тағар» деп атаған.
http://www.kandastar.com/forum.php?mod=viewthread&tid=344

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпаратты енгізіп (*) отырғаныңызға көз жеткізіңіз,
HTML-код жаңға болмайды

Ruhanyat.info - "Сырдария-Руханият" қоғамдық қоры. © 2013 Барлық құқықтары қорғалған, сайттан көшірілген материялдарға міндетті түрде сілтеме қойылуы тиіс.

Top Desktop version